Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда коммуналдық қызмет көше қарын тоқтаусыз күреуге кірісті
Жаңалықтар

Алматыда коммуналдық қызмет көше қарын тоқтаусыз күреуге кірісті

22.01.2025
1 мин
0
145
Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда коммуналдық қызмет көше қарын тоқтаусыз күреуге кірісті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметі көшелерді, жолдар мен тротуарларды жедел қардан арылтуға кірісті. Қар күреу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. 

– Бүгін сағат 9:00-де қалада және таулы аудандарда қар жауа бастады. Екі күн бойы қар жауып, 20 мм қар түседі деп болжанып отыр. Бұл едәуір мөлшер, сондықтан бұл ауқымды жұмыс. Таңертеңнен бастап коммуналдық қызмет көшелеге көктайғаққа қарсы арнайы қоспалар сеуіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Негізгі жұмыс қар күрелген соң басталады. Біз магистралды және орталық көшелерде қар үйінді жасалған соң қарды шығаруға кірісеміз, – деді Алматы әкімінің орынбасары. 

Қазгидрометтің мәліметінше, 23-24 қаңтарда Алматыда ауа температурасы -15…-20 градусқа дейін төмендейді. Қазіргі уақытта жолдар көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. 152 құмсепкіш техника жұмылдырылған. 950 тонна көктайғаққа қарсы материалдар және 60 м³ сұйық реагенттер пайдаланылған. Қауіпті жол учаскелерінде жолдың жағдайын бақылап отыратын 46 жедел топ жұмыс істеуде.

Магистралды көшелерді қардан толық тазалау 3 күнге, аудандық маңызы бар көшелерді тазалау 7 күнге созылады.

– Қазіргі уақытта жолдарда 600-ден астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр, күндізгі уақытта шамамен 1,5 мың адам жұмылдырылды. Жұмыс түнде де жалғасады, қар толық шығарылғанға дейін тоқтатылмайды. Тазалықты бақылау үшін аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, – деді Бейбіт Шаханов. 

Сонымен қатар әкім орынбасары көліктерді жол жиектеріне қоймауды сұрады.

– Қардың жаууы қала тұрғындарына уақытша қолайсыздық тудыратынын түсінеміз. Коммуналдық қызметтің жұмысына түсіністікпен қарап, көмектесуді сұраймыз: арнайы техниканың жұмысын қиындатпау үшін көліктерді жол жиектеріне қоймауларыңызды өтінеміз, – деді әкімнің орынбасары. 

Мәселелерді жедел шешу үшін тұрғындар Telegram-боттарға келесі сілтемелер арқылы аудан әкімдіктеріне жүгіне алады:

1. Әуезов ауданы - https://t.me/akimatAuezov1

2. Алатау ауданы - https://t.me/akimat_alatau

3. Алмалы ауданы - https://t.me/almalyaudany/1

4. Бостандық ауданы - https://t.me/bostandykaudanyy/1717

5. Жетісу ауданы - https://t.me/obzhetysu

6. Медеу ауданы - https://t.me/medeu_audany

7. Наурызбай ауданы - https://t.me/+jD3nmPVIVrw1YWQ6

8. Түрксіб ауданы - https://t.me/turksib_audany

23 қаңтарға арналған болжам: кейде қар жауады, түнде температура -13…-15°C, күндіз -7…-9°C. 

24 қаңтарға арналған болжам: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20°C, күндіз -10…-12°C.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл