Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада 20 тамызға дейін бір көше жабылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Қ. Қайсенов көшесінің құрылысы" жобасын іске асырудың басталуына байланысты Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Қ. Қайсенов көшесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 20 сәуір мен 20 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен орамішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.