Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан 9 балдық жер сілкінісіне дайын – ТЖМ
Жаңалықтар

Қазақстан 9 балдық жер сілкінісіне дайын – ТЖМ

15.04.2025
1 мин
3
1312
Сурет: top-fon.com

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, Қазақстан Мьянма мен Таиландтағыдай жойқын жер сілкінісіне қарсы дайындық деңгейін қамтамасыз еткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның мәліметінше, елімізде жер сілкіністерін қадағалайтын арнайы сейсмология институты жұмыс істейді. Қазақстан аумағындағы 15 облыс сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақтар қатарына жатады. Әсіресе Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстары 9 балға дейінгі жер сілкіністеріне бейім өңірлер ретінде ерекшеленеді.

- Бұл аймақтарда сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты алдын алу және дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Ескерту жүйелері мен эвакуация жоспарлары толыққанды әзірленген. Біз бұл бағытта әрдайым сақадай сай болуымыз керек, – деді Тұрсынбаев.

Сонымен қатар, вице-министр зілзаланың салдарын жою кезінде әкімдіктерден бастап, медицина қызметкерлері мен құтқарушыларға дейін барлық жауапты құрылымдардың бірлесіп әрекет ететінін айтты. Оның сөзінше, төтенше жағдайларға жауап беру жоспары күнделікті жаңартылып, пысықталып отырады.

- Су тасқыны кезіндегідей көмек көрсету жүйесі бізде де бар. Бірінші, екінші және үшінші күнге арналған нақты жоспарымыз дайын. Барлық өңірден қолдау көрсетіледі. Оның ішінде жеке құрам, техника, азық-түлік, медицина және эвакуация жұмыстары қамтылады. Алматыны қоса алғанда, барлық облыста эвакуациялық пункттер тұрғындарды қабылдауға әзір, – деді ол.

Сондай-ақ, сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақтарда ғимараттар мен көлік инфрақұрылымын нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Ә
Әтіргүл 16.04.2025
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы 13 әскери қалашықта мектепте орналасқан сирена апараты дауысы естілмейді
Жауап беру
А
Айғаным 15.04.2025
Значит алдағы уақытта жер сілкінісі болады деген сөз. Бір Құдай өзі жар болсын!
Жауап беру
А
Алия 15.04.2025
Смс жер сілкінген соң емес алдын ала ескертілсін және де сирена мүлдем естілмейді төтенше жағдайда
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл