Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті кәмелетке толмағандардың есірткі айналымына тартылуы әлі де жалғасып жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биылғы үш айда еліміз бойынша тыйым салынған заттарды сақтау және тарату деректері бойынша 23 жасөспірім ұсталған. Олардың қатарында колледждің бірінші курс студенттері мен 9–11 сынып оқушылары бар.
Комитет төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, есірткі қылмысына қатысқандардың жауапкершіліктен заңды білмеуі босатпайтынын еске салды. Оның сөзінше, бұл қылмыс түрі үшін 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 296 және 297 баптары есірткі заттарын сақтап, таратқандарды бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ал 299-1-бапта интернет пен әлеуметтік желілер арқылы есірткіні насихаттаған немесе жарнамалағандар да жауапқа тартылатыны көрсетілген.
Әлжанов ата-аналарға балаларының кіммен араласатынына, бос уақытын қалай өткізетініне мұқият қарауға кеңес берді. Оның айтуынша, қауіптің алдын алу — ең маңызды қадамдардың бірі.
– Балалардың болашағы – біздің қолымызда. Тек бірге әрекет еткенде ғана біз есірткісіз, қауіпсіз қоғам құра аламыз, – деді ол.