Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жұмыстан шығып қалсаңыз, мемлекеттен әлеуметтік төлем алуға болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Егер сіз жұмыссыз қалып, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелсеңіз — Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы алуға құқығыңыз бар. Бұл төлем жұмыс берушілердің сіз үшін аударған әлеуметтік жарналары есебінен төленеді.
Кімдер ала алады?
• Соңғы 24 айдың ішінде кемінде 6 ай әлеуметтік аударымдар жасалған азаматтар;
• Жұмыссыз ретінде Enbek.kz порталы арқылы тіркелгендер.
Төлем алу үшін не істеу керек?
1. Enbek.kz порталына кіріп, тіркеліңіз.
Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
2. "Жеке кабинетке" кіріп, түйіндеме толтырыңыз.
Барлық деректі нақты, толық көрсетіңіз.
3. Жұмыс іздеуші ретінде тіркеліңіз.
"Мемлекеттік қызметтер" бөлімінен жасалады. ЭЦҚ арқылы растау қажет.
4. 3 жұмыс күні ішінде жұмыс ұсынысы жіберіледі.
Егер жұмыс табылмаса — сіз автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркелесіз.
5. Осыдан кейін "Жұмысынан айырылу бойынша төлем" бөліміне кіріп, өтініш беріңіз.
Банктік шотыңызды, байланыс нөміріңізді және email-ды көрсетіңіз.
6. Өтінішке ЭЦҚ, SMS немесе QR арқылы қол қойыңыз.
Төлем мөлшері қалай есептеледі?
• Жалақыңыздан соңғы 2 жылда аударылған әлеуметтік төлем көлеміне;
• Қатысу өтіліне;
• Түзету коэффициентіне (қазір – 0.45) байланысты.
Жәрдемақы қанша уақытқа беріледі?
Аударым жасалған уақыт: 6-12 ай, төлем мерзімі 1 ай;
12–24 ай – 2 ай;
24–36 ай – 3 ай;
36 айдан жоғары – 4–6 ай.
Төлем қай кезде тоқтайды?
• Жұмыс тапсаңыз немесе кәсіп бастасаңыз;
• Төлем алушы басқа елге кетсе;
• Жалған мәлімет бергені анықталса;
• Сот үкімі шыққан жағдайда;
• Төлем алушы қайтыс болса.
Қосымша бонус:
Қоғамдық жұмысқа, уақытша жобаға не оқуға жіберілсеңіз – жәрдемақы сақталады!
Толығырақ ақпарат: