Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгеруі мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгеруі мүмкін

17.04.2025
мин
16
3364
Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету ережесіне түзетулер енгізілуі ықтимал. Бұл өзгерістер жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жария етті.

Нені өзгерту көзделіп отыр?

Құжат “Ашық НҚА” порталында 2025 жылдың 5 мамырына дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.

- Жоба Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмасын орындау аясында әзірленді. Онда әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету тетігін жетілдіру, олардың жиынтық кірістері мен шығыстарын нақты айқындау қажеттігі айтылған, – делінген құжатта.

Жобаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекке үміткер азаматтар банк шоттары, банктік қарыздары (ипотекалық несиелерден басқа), микрокредиттері, жинақ салымдары мен депозиттері бойынша жасалған шығыс операциялары туралы ақпарат ұсынуы тиіс. Бұл деректер үміткердің жазбаша келісімі арқылы ғана алынуы мүмкін.

Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға немесе отбасыларға беріледі.

АӘК келесі санаттағы адамдарға тағайындалады:
    •    Қазақстан Республикасының азаматтарына;
    •    Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға;
    •    Босқындарға;
    •    Қандастарға.

Жан басына шаққандағы орташа табыс — отбасының айлық жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы есептеледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
16 Пікір
А
Ардақ 19.04.2025
Мен көпбалалы, жалғыз басты әйелмін. Жұмыс жасамаймын, ауылда тұрамыз, төрт баламның үлкені қалада медколледж де оқиды, ол жерде общежитье жоқ, квартира жалдап тұрады 35000ға, үшеуі мектепте оқиды, біреуі міне мектеп бітірейін деп отыр, көпбаланың пособие және пособие по утери кормильца ғана аламын, мал ұстамаймын, басымызда баспана жоқ, үй кезегінде тұрмын, осы екі пособиені санағанда асп шықпай тұр, доход сол екі пособие ғана, кіріс есептеп, неге шығысты ескермейді?? Сол пособиеден кредит, тамақ, киім және қызымның квартирасын төлеймін, ештене артылмайды, айма ай өмір сүріп жатырмыз шүкір етіп, оралмандардың мәртебесін көтеріп қойған, өзіміздің жақтада сондай отбасылар өмір сүріп жатырғой.
Жауап беру
Ж
Жанна 19.04.2025
2 группа мүгедектіктің ақшасын есептегені қай сасқаны,соны туралау керек өз еміне де жетпейді ақшасы!2 группа деген сон ак белгили емеспа жұмысқа жарамсыз екені,караушы керек даже ол кісіге????????‍♀️
Жауап беру
А
Арай 18.04.2025
Салеметсіз бе?! Аәк тапсыруға бардым, көпбалалы ана ретінде. Кірісті есептегенде проездной үкіметтін берген, жалақы, детский пособие , күміс алқаға ақша алсан соны қосады, не бар не жоқ, қайда тұрасын, жалақыны до вычете есептейді, қолына алатын суманы емес, 1.5 жасқа дейінгі пособие, в общем бәрін есептейді тиынға дейін. Ал енді баланың ақшасын есептид, ол баланың өзіне де жетпиді. Киім кешек, памперс, дәрі дәрімек, тамағы бар, смесь, үлкендеу балаларға оқу құралдары бар. Айта берсен жетед. Сол жеткізе алмай жүрсен, сізде превышение деп 5-10тг асып кетсе алмайсыз деп шығады. Проезднойды неге доход деп есептид?! Білмим. Еще мысалы күйеуін белгілі себептермен жұмыс істеми қалса , өтінішке қосымша ақша туыстарым берді деп немесе басқа жерден жұмыс істеп қолма қол алдым деп жаз деп жазғызады. Барған құрлы құжат тапсыруға өмір сүргін келми кетеді. Тіпті енді қалмаса үстіндегі киім кешегінді есептин деп тұр. Ең кіші бала 3ке толса анасын да міндетті жұмысқа тұрғаның сұрайды. Еще звандап қайта қайта офицально. Ал басқа садиктегі-мектептегі балаларға үйде кім қарау керек?! Шай тамағын беріп, қарсы алып, шығарып салып. Сосын ата аналар мәжбүрлі жұмысқа шығып , балалары үйде жалғыз қалып, небір жағдайларға ұшырап жатыр. Мен өзім отырмын жұмысқа шықпай. 6 баланы қарап. Жолдасым жұмыс істид. Үйді жалдап тұрамыз. Асп алмаймыз. 5-10тг асып превышение деді.
Жауап беру
И
Индира 18.04.2025
Неге сондай көмекті еліміздегі қазақтарға жасамайды екен осы? Жүрміз ғой жалғыз басты анамыз, баспанасыз, несиемен, бала-шағамызды асырап. Барға шүкір-шүкір деп қойып. Кенеттен бір байып кетермін деп)))
Жауап беру
З
Зейнилдаева Улпан 18.04.2025
отирик канша рет тапсырдым 7балам бар алды 2сынып окиды асп шыкпай койды бизге отагасымыз аман болсын асырап отырган
Жауап беру
Х
Хабиб 18.04.2025
Бұндай нарселердің барлығын сол жерде істейтін, әкиматта істейтіндер өздерінің жакындарына туыстарына алатынғып береді, былайғы шын муқтаждарға жетпецді бұл ол жағын қатан турде тексеріп жатқан ешкім жоқ, мемлекеттің беретін жәрдемі коп халыққа, бірақ жолдағылар оны құртатын межесіне жеткізбей,өкінішті!!!
Жауап беру
А
Айгүл 18.04.2025
Мынау менің түсінуім бойынша АСП-ма? Басталғанда 1рет алдым одан кейін байып кетіппін бермеді ғой өкімет. Қанша барып өткізсе де. Ол кезде жұмыс істемейтінмін. Қазір шүкір Аллаға жұмысым 80 000 айлығы бар 4 балам бар студент қызым бар. Шіріген байсың деп бермейтін шығар.
Жауап беру
S
Sandygash Rakhimgalieva 18.04.2025
Жагдайым 4 баланы асырап журсемде жалгыз, алган емеспин. Отирик бул. Котеджде туратын Влад мен квартира да турып алмайм
Жауап беру
М
Марал 18.04.2025
1тенге асып кетсе бермейді сол мүқтаж жандар алмайды сол пособие ол өспейді
Жауап беру
Ж
Жадыра 18.04.2025
1,5 жаска бала толмай жұмыска шыгып кетсе пособиясы токтайма?
Жауап беру
Г
Гулнар 18.04.2025
Шын муктаж жандар ала алмайды уйы бар машинасы бар жандар алады нагыз муктаж жандарга берылып жаткан жок
Жауап беру
Б
Бибігүл 17.04.2025
АСП ала алмадық. Екеуміз де жұмыссыз болсақ та. Зейнетақы жарнасы түсіп тұруы керек екен. Өзіміз ақша таппай отырғанда зейнетақы жарнасын қалай төлейміз.
Жауап беру
М
Марал 17.04.2025
Бізге де болмайды деді. Ал жолдасым қара жұмысшы, өзім үйде бала күтімімен. Үй жалға алып тұрамыз. Қайдан зейнақы қоры болады? Қалай тексерсе де сай келіп тұр. Осы жағынан өзгертулер енгізу керек сияқты.
Жауап беру
М
Менің атым Майра Қожабек қызы. 17.04.2025
Мен 2004 жылдан ауруыма байланысты 2 топ мүгедекпін,қандай қиындықтар басымннан өтті,2025 ж10майда 61 жас пенсияға шығамын. Бөлінетін тиындарыңды қимай отырсыңдарма?
Жауап беру
А
Алия 17.04.2025
Бермеудің амалын жасайды, үйіңді тексереміз деп
Жауап беру
Г
Гулназым 17.04.2025
Барлык шартка сай болып тураныз.неге алмаса.мен квартирада турамын 10жыодан бери.аламын асп.барлык шартамага сайкеспин
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл