Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Прокуратурамен бірлесіп әлеуметтік желілер арқылы есірткі сатумен айналысқан қылмыстық арнаны анықтап, оның жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер 2024 жылдың мамыр айынан бастап “Thс Seller” деген атаумен Telegram-арна арқылы онлайн-дүкен ашып, есірткі заттарын сатқан. Төлемдер криптовалюта мен қолма-қол ақшамен қабылданған.
- Тінту барысында 30 келіден астам марихуана мен гашиш, бірнеше ұялы телефон және 5 банк картасы тәркіленді. Белгілі болғандай, аталған интернет-дүкеннің 2 мыңнан аса тұтынушысы болған, ал сатылған есірткінің жалпы көлемі 100 миллион теңгеден асып, 5 мыңнан астам мәміле жасалған, – делінген ресми ақпаратта.
Күдіктілер есірткі саудасынан түскен қаражатты жасыру үшін Telegram арқылы жалған адамдарды – дроптарды – тартқан. Бұл тұлғалардың атына банк карталары ашылып, сол арқылы қомақты сомалар қолма-қол ақшаға айналдырылған.
- Сонымен қатар, күдіктілер есірткі тасымалдау үшін қылмыстық табыстың есебінен екі жеңіл көлік пен мотоцикл сатып алып, оларды сенімді адамдардың атына тіркеген. Қазіргі таңда бұл көліктерге сот шешімімен шектеу қойылды, – делінген хабарламада.
Күдіктілер екі айға қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.