Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әйелдер қандай жағдайда 2,5 млн теңгеден жоғары декрет төлемін ала алады?
Жаңалықтар

Әйелдер қандай жағдайда 2,5 млн теңгеден жоғары декрет төлемін ала алады?

18.04.2025
1 мин
1
1369
Сурет: коллаж Dauletten.kz

2024 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда декреттік төлемдердің көлеміне өзгерістер енгізілді. Енді болашақ ана ай сайын миллиондап табыс тапса да, төлемі ең көбі 595 мың теңге айлыққа сай есептеледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл шешім көп жұмыста ресми түрде жұмыс істейтін әйелдердің наразылығын туғызуда. Олар бұл шектеу өз құқықтарын бұзып отыр деп санайды. Осыған орай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ресми өкілі Stan.kz тілшісіне Гүлбағила Болатбекова декреттік төлемдердің не себепті азайғанын және қандай жағдайда әйелдер 2,5 миллион теңгеден артық төлем ала алатынын түсіндірді.

“595 мың теңге – бұл да аз емес”

Гүлбағила Болатбекованың айтуынша, бірнеше жұмыста істейтін әйелдердің жалақылары әр жұмыс орнында жеке есептеліп, орташа табысы 4,2 коэффициентке көбейтіледі. Бұл коэффициент еңбекке жарамсыздық парағы берілетін 126 күнге негізделіп, оны 30 күнге бөлудің нәтижесінде алынған. Сәйкесінше, әйел 4,5 айда алатын табысын бір реттік төлем ретінде алады.

Соңғы уақытта бірнеше жерде жұмыс істейтінін және жалақысын қолма-қол алатынын айтатын әйелдер саны артқан. Әлемдік тәжірибеде мұндай әлеуметтік төлемдерге шектеу қою қалыпты жағдай екенін айтқан сарапшы, Қазақстанда бұл шек орташа айлық 320 мың теңгеге негізделіп, 595 мың теңгемен белгіленгенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол кей әйелдердің бірнеше жұмыс істесе де, тек бір мекемедегі табысы есептеліп, 2,5 миллион теңгеден артық ала алмай отырғанына шағымданғанын айтты. Бірақ сарапшы жоғары табыс алатын әйелдердің саны елде тек 3% екенін де атап өтті.

“2 миллионнан жоғары табыс тапсаңыз, қосымша сақтандыруға жүгініңіз”

Гүлбағила Болатбекова, егер әйел ай сайын 2 миллион теңгеден көп табыс тапса, жүктілігін жеке сақтандыру компаниялары арқылы қосымша сақтандыруға болатынын айтты. Сонымен бірге, екінші деңгейлі банктердің немесе оларға қарасты сақтандыру қорларына ерікті түрде ай сайын аударымдар жасап отыруға болады.

Мысалы, жалақысы 2 миллион теңге болған әйелдің орташа айлығы 1 миллион деп есептелсе, оны 4,2 коэффициентке көбейткенде 4,2 миллион теңге шығады. Бұл жағдайда мемлекет тарапынан 2,5 миллион теңге төленсе, қалған 1,7 миллион теңгені жұмыс берушіден өтінішпен алуға болады.

“Жалған кәсіп ашып, оңай табыс тапқысы келетіндер көбейді”

Сарапшы жалған декреттік төлем алып, заң бұзған 113 әйелге (арасында бухгалтерлер де бар) 16 қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Блогерлер мен бухгалтерлердің әлеуметтік желіде жалған кеңестер беріп, көптеген әйелдің заң бұзуына түрткі болып отырғанын тілге тиек етті.

Кейбір әйелдер “біз декретке дайындалдық, көп табыс алу үшін еңбек өтілімізді реттедік” деп уәж келтіреді. Бірақ сарапшы олардың көбінің жүктілікке дейін жұмыс істемегенін, бухгалтерлер арқылы жалған кәсіп ашып, 12 ай көлемінде әлеуметтік төлем аударған болып көрініп, оңай ақша алуға тырысатынын айтты. Ал шын мәнінде адал еңбек етіп жүрген әйелдер әділетсіздікке тап болуда.

“Декрет кезінде 700 мың теңге табатын кәсібіңіз қандай?”

Кей әйелдер декрет кезінде бәліш пен торт пісіріп, табыс табамыз десе де, нақты есептегенде олардың айлық табысы 700 мың теңгеге жетпейтіні анықталған. Осы себепті осындай әрекетке барғандар күмән тудырып, тексеріледі. Сарапшы мұны жалған ақпарат деп бағалады.

Семей полигоны аймағында тұратындарға көбірек төлем қарастырылған

Сонымен қатар, экологиялық апат аймақтарында, әсіресе Семей полигоны маңында тұратын әйелдер үшін декреттік төлем 3,4 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл әйелдер үшін есептеу 170 күнге жүргізіледі, сондықтан олар 3 391 500 теңге ала алады.

“Әділетсіз әрекеттер мүгедек балаларға тиесілі қаржыға кесірін тигізеді”

Гүлбағила Болатбекова 2 миллион теңгеден көп табыс табатын әйелдердің шын мәнінде әлеуметтік төлемге мұқтаж емес екенін айтып, жалған кәсіп ашып, жүйені алдауға тырысқандардың кесірінен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаражаттың жетіспей жатқанына назар аударды. “Жөргекке төлеңдер” деп міндет етпей, қоғам мүддесін де ескеріңіздер”, – деп қорытындылады ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айжан 19.04.2025
2025*жылдың
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл