Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жүйесі туралы қате пікірлер мен шындық
Қаржылық сауат

Зейнетақы жүйесі туралы қате пікірлер мен шындық

18.04.2025
1 мин
0
721
Сурет: zakon.kz

Зейнетақы жүйесі – әр азаматтың келешектегі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды құрал. Дегенмен, бұл салада көптеген қате түсініктер мен жалған ақпараттар таралған. Dauletten.kz саты бұл мақалада біз ең кең тараған аңыздарды саралап, шынайы деректермен салыстырды.

Қате пікір: “Қазақстанда зейнетақы жүйесіне сенуге болмайды, ол бәрібір күйрейді”

Шындық: Қазақстанда енгізілген жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың жеке шотына тұрақты түрде жарна аударуды көздейді. Бұл жүйе еңбек өтіліне байланысты зейнетақы мөлшерін нақты есептейді. Мемлекет жүйені үнемі жетілдіріп отырады.

Mercer және CFA институттарының бірлескен халықаралық индексінде Қазақстан 48 елдің ішінде 24-орынды иеленді. Ал Allianz-дың 71 елді қамтыған жаһандық есебінде еліміз 26-орынға тұрақтады. Бұл – жүйенің сенімділігін көрсететін нақты дәлелдер.

Сондықтан, болашақ зейнетақыңыздың мөлшері өзіңіздің жауапкершілігіңізге де байланысты екенін ескеріп, қаржылық сауаттылықты арттырған жөн.

Қате пікір: “Менің шотымдағы ақша азайып жатыр, үкімет немесе БЖЗҚ оны жұмсап жатыр”

Шындық: Зейнетақы шотындағы қаражат – әр адамның жеке меншігі. Оған ешкімнің қол сұғуға құқы жоқ. БЖЗҚ – бұл жинақтарды сақтау және басқару міндеті жүктелген заңды ұйым.

Зейнетақы жинақтарын инвестициялаумен Қазақстан Ұлттық банкі мен бірнеше басқарушы компаниялар айналысады. Олар бұл қаражатты түрлі қаржы құралдарына салып, табыс табуды көздейді. Инвестициялық табыс – ұзақ мерзімді көрсеткіш. Қысқа мерзімде құбылуы қалыпты жағдай.

Ең бастысы, Қазақстан – инфляцияны ескеріп, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел.

Қате пікір: “Жас кезде зейнетақы туралы ойламай-ақ қойса болады”

Шындық: Зейнетақы жинағын неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым мол табыс аласыз. Жас кезден тұрақты жарна аудару – қартайғанда қаржылық тәуелсіздікке жол ашады. Инвестициялық табыс та ұзақ мерзімде көбірек пайда әкеледі.

Қате пікір: “Зейнетақы жарнасын төлемей-ақ, өз бетімше қаржы жинап қартайсам да болады”

Шындық: Міндетті зейнетақы жарналары – әр жұмыс істейтін адамның заңды міндеті. Жұмыс беруші қызметкердің табысының 10%-ын БЖЗҚ-ға аударуға тиіс. Бұл жүйе қаржылық тәртіпті, тұрақтылықты қалыптастырады және келешекте сенімді қолдау бола алады.

Қате пікір: “Ұлттық қордан балаларға арналған қаражат жоғалып кетті”

Шындық: Ұлттық қордан 18 жасқа толған азаматтарға арналған қаражат ешқайда жоғалмайды. Олар өз жинақтары туралы ақпаратты электрондық үкімет немесе БЖЗҚ-дан өз бетінше көре алады.

БЖЗҚ заңнамаға сәйкес, бұл деректердің құпиялылығын және жинақтардың сақталуын толық қамтамасыз етеді.

Қорытынды:

Зейнетақы жүйесі – аңыз бен қауесетке емес, нақты заңнамалар мен экономикалық негіздерге сүйенетін жүйе. Оған деген сенім мен дұрыс қатысу – әрбір азаматтың келешегіне жасалған сенімді қадам.

Есіңізде болсын: ерте қамданған – ертеңіне сенімді!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл