Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Флорида штатындағы университет кампусында орын алған атыс салдарынан екі адам көз жұмып, бірнеше адам жарақат алды. Осы жағдайға байланысты “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ ресми мәлімдеме таратты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- 2025 жылғы 17 сәуірде Флорида университетінің кампусында қайғылы оқиға орын алды. Соңғы деректерге сәйкес, атыс нәтижесінде екі адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алған. Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ бұл оқиғаны жіті бақылауда ұстап отыр және аталмыш университетте білім алып жатқан қазақстандық стипендиаттармен үнемі байланыс орнатқан. Қазіргі уақытта Флорида университетінде “Болашақ” бағдарламасы бойынша төрт қазақстандық стипендиат білім алуда: үшеуі магистратурада, біреуі докторантурада. Барлығы дін аман және жергілікті билік өкілдерінің нұсқаулықтарын қатаң сақтауда. Біз студенттерімізге уақытылы ақпарат алып, қауіпсіздік шараларын мұқият ұстанғандары үшін алғысымызды білдіреміз, – делінген орталықтың хабарламасында.
Оқиғадан кейін университет әкімшілігі барлық оқу процесі мен шараларды уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.
- Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ АҚШ-та жүрген барлық стипендиаттарды барынша сақтық танытуға, абай болуға және күмәнді жағдайлар орын алса, дереу орталыққа хабарласуға шақырады.Сонымен қатар, орталық қаза тапқандар мен жарақат алған азаматтардың отбасына көңіл айтып, ахуалдың жақын арада тұрақтануына үміт білдірді, – делінген мәлімдемеде.