Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2024 жылғы 11 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін қабылдады. Ол бұрынғыдай 16,5 пайыз деңгейінде сақталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5 пайыз деңгейінде қалдыруды және оған +/- 1 пайыздық тармақ дәлізін белгілеуді ұйғарды.
- Инфляцияға әсер ететін факторлардың арақатынасы, қазіргі инфляция қарқыны, сыртқы нарықтағы проинфляциялық ықпалдар мен белгісіздік жағдайын ескере отырып, базалық мөлшерлемені төмендетуге негіздер әзірге жоқ, – делінген хабарламада
Комитеттің базалық мөлшерлеме бойынша келесі жоспарлы шешімі 2025 жылғы 5 маусымда, Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Айта кетейік, базалық мөлшерлеме – бұл Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге қысқа мерзімді қарыз беруі мен олардан депозит тартуы кезінде қолданылатын пайыздық мөлшерлеме. Ол халыққа берілетін несиелердің пайызын айқындауда маңызды рөлге ие және инфляция деңгейіне тікелей ықпал етеді.
Жалпы айтқанда, базалық мөлшерлеме – елдің банк жүйесі мен экономикалық саясатының басты көрсеткіштерінің бірі. Оның көлемін Ұлттық банк айқындайды, қажет болған жағдайда арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш – ақша-несие саясатының негізгі тетігі саналады.