Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ президенті Дональд Трамп елде заңсыз жүрген мигранттарға елден өз еркімен шығуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама бастамақ ниетін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы ол Fox Noticias (Fox News-тің испан тіліндегі бағдарламасы) арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Трамптың айтуынша, "өз еркімен депортация" деп аталатын бұл бағдарлама аясында заңсыз мигранттарға елден шығу үшін ақша ұсынылып, оларға болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта кіруге мүмкіндік берілуі мүмкін.
– Біз оларға стипендия береміз. Ұшақ билетін алып береміз, сосын олармен жұмыс істейміз. Егер олар жақсы жүрсе, егер біз олардың оралуын қаласақ, біз оларды тезірек қайтаруға тырысамыз, – деді Трамп.
Reuters агенттігіне берген түсініктемесінде Ақ үйдің өкілі бұл мәлімдемеге қосар ештеңесі жоқ екенін айтты.