Тоқаев бірқатар ғалымды мемлекеттік марапаттармен марапаттады
10.04.2025
1 мин
0
74
Сурет: Ақорда
Ғылым күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев елеулі ғылыми жетістіктерге қол жеткізген ғалымдарды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атап айтқанда, 4 ғалым "Парасат", 15 адам "Құрмет" орденіне ие болды.
Бұдан бөлек 6 маманға "Ерен еңбегі үшін" медалі берілсе, тағы 2 ғалымға "Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы табыс етілді.
Ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін
"Парасат" орденімен
Есімбекова Минура Ахметқызы – Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС зертханасының меңгерушісі
Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ионосфера институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері
Қошқаров Серікбай – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ профессоры
Яшков Владимир Александрович – Ғылым және жоғары білім министрлігі "С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ қауымдастырылған профессоры марапатталды.
"Құрмет" орденімен
Әділханов Тасболат Алпысбесұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС бас консультанты
Баймұқанов Мирғали Төлеуғалиұлы – "Гидробиология және экология институты" мекемесінің директоры
Біләлов Дархан Нұрланұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
Витковская Ирина Сергеевна – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ жетекші ғылыми қызметкері
Демченко Георгий Анатольевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Генетика және физиология институты" РМК зертханасының меңгерушісі
Ершебұлов Зәкір Жаппарұлы – Денсаулық сақтау министрлігі OtarBioPharm ЖШС директоры
Кәкімжанова Алмагүл Әпсаламқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі
Крупа Елена Григорьевна – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Зоология институты" РМК бас ғылыми қызметкері
Күзембайұлы Аманжол – Ғылым және жоғары білім министрлігі "А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ профессоры
Қалтаев Айдархан – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
Серікқанов Абай Серікқанұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының вице-президенті
Сқақов Мажын Қанапиұлы – Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" РМК бас ғылыми қызметкері
Сұраған Дүрбітхан – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
Тоқбергенов Исмайыл Тасанбиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының бас ғалым хатшысы
Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі марапатталды.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
Ахажанова Индира Әлібайқызы – Денсаулық сақтау министрлігі OtarBioPharm ЖШС кіші ғылыми қызметкері
Еспембетов Болат Аманбайұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЖШС зертханасының меңгерушісі
Қабылдин Қосман Маратұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЖШС хлорлау станциясының операторы
Қондыбаева Аида Мұратқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті" КеАҚ PhD докторы
Сәрсенбекұлы Бауыржан – "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ қауымдастырылған профессоры
Шустов Александр Вячеславович – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі марапатталды.
"Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағына ие болғандар:
Бакенов Жұмабай Бекболатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ионосфера институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері.