Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сарапшылар доллар бағамы бір жылдан кейін 540 теңгеден асуы мүмкін деген болжам жасады
Жаңалықтар

Сарапшылар доллар бағамы бір жылдан кейін 540 теңгеден асуы мүмкін деген болжам жасады

09.04.2025
1 мин
0
189
Сурет: Sputnik

Қазіргі таңда бір АҚШ доллары шамамен 518 теңге тұрады. Алайда қазақстандық сарапшылар алдағы 12 ай ішінде оның 540 теңгеден жоғары болуы ықтимал деген болжам жасап отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін теңгенің күрт арзандауы туралы айтылған еді — доллар бір күннің ішінде 12 теңгеге қымбаттаған. Ұлттық банк мұндай әлсіреудің себебін Дональд Трамп бастамашы болған “сауда соғыстары” мен мұнай бағасының төмендеуімен түсіндірді.

Кейбір мамандар теңгенің одан әрі әлсіреуін жоққа шығармайды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, мамыр айының басында доллардың орташа бағамы 516,3 теңге болады деп күтілуде — бұл қазіргі деңгейден сәл төмен. Алайда бір жыл ішінде доллар бағасы 542,5 теңгеге дейін өседі деген болжам бар.

Бұл жағдайға ықпал ететін негізгі факторлар — мұнай бағасының күрт құлдырауы, АҚШ-тағы тарифтік саясаттағы белгісіздік пен рубльдің әлсіреуі.

Аталған факторлар Қазақстанда соңғы уақытта үдей түскен инфляцияға да әсер етуі мүмкін. Қазірдің өзінде инфляция деңгейі 10 пайызға жеткен, ал сарапшылар келесі 12 айда бұл көрсеткіш 11,2 пайызға дейін көтеріледі деп болжайды (бұған дейін бұл көрсеткіш 10,3 пайыз болады деп күтілген еді).

Сауалнамаға қатысушылар базалық мөлшерлеме бойынша да пікір білдірді. Сарапшылардың 25 пайызы Ұлттық банк келесі отырыста мөлшерлемені 17 пайызға дейін көтеруі мүмкін десе, қалған 75 пайызы өзгеріс болмайды, көрсеткіш 16,5 пайыз деңгейінде сақталады деген ойда.

Айта кетерлігі, бұл тек сарапшылардың субъективті пікіріне негізделген болжамдар. Сондықтан олар міндетті түрде орындалады деп айтуға болмайды. Дегенмен олардың мақсаты — елдегі экономикалық ахуалды халыққа түсінікті етіп жеткізу.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл