Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандардың отбасына ай сайынғы төлем беріледі
Жаңалықтар

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандардың отбасына ай сайынғы төлем беріледі

16.04.2025
1 мин
0
221
Сурет: Dauletten.kz

Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасыларына ай сайынғы төлемдер берілетін болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасында бүгінгі таңда ай сайынғы төлемдер алмайтын тұлғалардың жағдайын жақсартуға бағытталған түзетулер көзделуде.

Жаңа нормаға сәйкес қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан барлық құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері бір жолғы төлемдерден бөлек, қосымша ай сайынғы төлемдер алуға құқылы болады (жесірлерге – өмір бойы, балаларға – 23 жасқа толғанға дейін).

Бұл санатқа 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін (яғни 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті заң күшіне енгенге дейінгі) қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері енгізіледі. Бүгінде бұл санатқа 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта қаза тапқан, ай сайынғы ақшалай төлем алмаған 530 отбасы кіретін болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл