Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Қазақстанға ықпалы болары анық”: Тоқаев алпауыт елдер арасындағы сауда қақтығысына қатысты пікірін білдірді
Жаңалықтар

“Қазақстанға ықпалы болары анық”: Тоқаев алпауыт елдер арасындағы сауда қақтығысына қатысты пікірін білдірді

10.04.2025
1 мин
0
93
Сурет: Ақорда

Ғалымдар күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғалымдарға мемлекеттік марапаттар тапсырып, жиын барысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы жаһандық жағдайға тоқталып өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Көптеген сарапшылардың айтуынша, әлем соңғы ондаған жылда болмаған күрделі дағдарыстың алдында тұр. Ірі державалар бір-біріне қарсы тарифтер енгізіп, соның салдарынан өндірістік және сауда тізбектері үзіліп, нарықтар әлсірей бастады. Шикізат бағасы құбылып тұр. Мұның барлығы, әрине, Қазақстанды да айналып өтпейді. Қазір 90 күнге тарифтерді көтеруге мораторий жарияланғанымен, нарықтағы жағдай әлі де тұрақсыз. Біз осы экономикалық тұрақсыздықтың елімізге ықпалын азайту бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алаңдауға негіз жоқ. Барлық қиындықтарды әрдайым өзіміздің стратегиялық басымдықтарымызға сүйене отырып еңсеріп келеміз. Сыртқы жағдай күрделі болғанымен, даму жолымыздан таймаймыз. Іргелі инфрақұрылымдық жобалар мен маңызды бастамалар толық жүзеге асады, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Президент кеше үкімет пен жергілікті басқару органдарына нақты іс-шаралар жоспарын жедел аяқтауды тапсырғанын атап өтті.

- Бұл шешім экономикалық өсім мен инвестициялар көлемін төмендетпеуге бағытталған. Қазіргі таңда инвестициялар үшін бәсеке күшейіп тұр. Сондықтан әрекетіміз шапшаң әрі нақты болуы керек. Алда болатын кез келген қауіп-қатерге дайын болған жөн. Жұмыс жүйелі және сенімді атқарылуы қажет. Өздеріңіз білесіздер, кез келген дағдарыс — жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Ол басқарушы кадрлардың кәсіби қабілетін айқындайды және жаңа жолдарды ашуға себеп болады. Әлемдік жағдай күрт өзгерген шақта ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен әлеуметтік ахуалды сақтау — аса маңызды, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл