Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда терроризмді насихаттағаны үшін 34 адам сотталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтөбе соты Ақтөбе облысының тұрғынын террористер үшін соғысқа шақырғаны және үлкен көлемдегі қару-жарақты сақтағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Одан екі автомат, сегіз тапанша, сегіз мылтық, үш кесілген мылтық, алты рация, түтін шашкалары, граната және 500-ден астам оқ-дәрі табылған. Ол өзгелерді үгіттеп қана қоймай, өзі де содырларға қосылуға ниеттенген.
Сол сияқты 9 жыл жаза алған тағы бір адам — Қаскелең тұрғыны. Ол ел ішінде террористік топ құрмақ болған. Радикалды идеологияны таратып, терактілерге дайындық жүргізу үшін жақтастарды жинаған.
ҰҚК деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Қазақстанда терроризм мен экстремизм істері бойынша 34 адам сотталған, олардың ішінде екі шетелдік бар. Тағы 23 іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.