Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 20 жылдан астам пайдаланылған көліктерге салынатын салық 50 пайыз төмендетіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда 20 жылдан астам пайдаланылған көліктерге салынатын салық 50 пайыз төмендетіледі

09.04.2025
1 мин
0
368
Сурет: kp.ru

Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт пайдаланылған көліктерге салынатын салық мөлшері 50 пайызға азайтылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда қолдады. Құжатқа сәйкес, елде 10 жылдан аса уақыт жүрген көліктерге салық төмендетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлімдеді.

Жаңа жобада салықтар мен өзге де міндетті төлемдер, салықтық жеңілдіктер санын қысқарту, сондай-ақ оларды бақылау мен талдауға бағытталған жүйелі шаралар қарастырылған. Корпоративтік табыс салығы салалар бойынша сараланады: банк секторы мен ойын бизнесі үшін – 25%, әлеуметтік сала үшін – 10%, ауыл шаруашылығы үшін – 3%. Базалық мөлшерлеме 20% деңгейінде қалмақ.

- Инвестициялық салықтық артықшылықтар ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары және бағдарламалық қамтылым сатып алынғанда немесе салынғанда ұсынылады. Жеке тұлғаларға қатысты – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларға жеке табыс салығын алып тастау ұсынылады. Сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 30 айлық есептік көрсеткішке тең жалақыға базалық салық шегерімі енгізіледі, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, 10 жылдан артық пайдаланылған көліктерге салынатын салық 30 пайызға, ал 20 жылдан асқан көліктерге 50 пайызға төмендейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл