Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бас прокурор Берік Асылов жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп бағдарламасына жаңа пән қосуды ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта кейбір жеткіншектер төбелеске қатысып, тіпті ауыр қылмыстарға да баруда.
- Көп жағдайда олар жасаған әрекеттерінің заңға қайшы екенін білмейді. Жауапкершілік болатынын да түсінбеген. Ең басты мәселе – құқықтық сауаттың төмендігі. Осыған байланысты біз тиісті мекемеге ұсыныс енгіздік – 7-сыныптан бастап ‘Заң және Тәртіп’ атты пәнді міндетті ету. Бұл сабақты тәжірибелі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізсе, олар тек теориялық біліммен емес, өмірлік тәжірибелерімен де бөлісе алады, – деп жазды Берік Асылов X желісіндегі парақшасында.
Бас прокурордың пікірінше, мұндай пәндер жастардың саналы, жауапкершілікті, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.