Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан азаматы Конституциялық сотқа букмекерлік кеңсенің ұтысты төлемегені үшін жүгінді
Жаңалықтар

Қазақстан азаматы Конституциялық сотқа букмекерлік кеңсенің ұтысты төлемегені үшін жүгінді

17.12.2024
1 мин
0
223
Сурет: sportliga.com

Қазақстан азаматы Конституциялық сотқа букмекерлік кеңсенің ұтысты төлемегені үшін жүгінді. Ол ұтысты төлемеу жағдайында сот қорғау құқығын шектеу нормасын тексеру үшін өтініш білдірген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Букмекер ережелердің бұзылғанын алға тартып, ставкаларды жарамсыз деп танып, ірі ұтысты төлеуден бас тартқан. Осыған байланысты ойыншы бұл шешімге шағымданып, Конституциялық сотқа жүгінді.

Тексерудің негізі ретінде Азаматтық кодекстің 914-бабы қаралды. Аталған бапқа сәйкес, егер ұйымдастырушы ойын өткізу ережелерін сақтаса, ойындар немесе бәстер бойынша даулар сот қорғауына жатпайды. Ерекшелік ретінде 913-бапта көрсетілген жағдайлар белгіленген.

Өтініш берушінің пікірінше, бұл норма Конституцияға қайшы келеді, себебі ол сот қорғау құқығын шектейді. Оның айтуынша, ұтыстың төленбеуі оны әділ сот процесінен айырады.

- Ұтыстың төленбеуіне байланысты оның сот қорғау құқығы кодекстегі аталған норма негізінде сот арқылы бұзылды, – деп нақтыланған ақпаратта.

Іс бойынша отырысқа Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратура, тиісті министрліктердің өкілдері, сондай-ақ университеттер мен институттардан ғылыми сарапшылар қатысты. Іс бойынша баяндамашы судья ретінде Мусин К.С. тағайындалды.

Конституциялық соттың қорытынды шешімі соттың ресми сайтында жарияланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл