Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысында “Қазақ газ өңдеу зауыты” ЖШС-нің бұрынғы басшысы Болат Байшуақовқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dauletten.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында Жаңаөзен аудандық сотының Байшуақовқа қатысты үкім шығарғаны айтылды.
- Болат Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукционсыз заңсыз сатқан және түскен қаражатты иемденгені үшін ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша кінәлі деп танылды, – делінген хабарламада.
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.