Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

24.12.2024
1 мин
0
186

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәулен Әшімбаев Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді.

      – үшінші сессия басталғаннан бері Парламент 28 заң қабылдаған, оның бесеуіне депутаттар бастамашы болған. Атап айтқанда, Президент жолдаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй саясатына, білім беру және балалар құқығын қорғауға, білім саласындағы жинақтау жүйесіне, биржа саудасы мен кәсіпкерлікке, сот жүйесін реформалау мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты заңдар қабылданған;

      – қазір Парламентте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, креативті индустрияны қолдау, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі заң жобалары қаралып жатыр. Бұл – сенаторлардың бастамасымен қолға алынған құжаттар;

Жыл басынан бері Сенатта 50-ге жуық іс-шара өткізілгенін, сенаторлар Үкіметке 67 депутаттық сауал жолдағанын айтты. Сонымен қатар парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында 40-тан астам халықаралық кездесу ұйымдастырылған;

Келесі жылы жоғары Палатада Бюджет, Құрылыс, Су, Салық кодекстері, "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңдар қаралатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтары жылына арналған парламенттік тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр;

Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның жұмысы туралы ақпарат берді. Аталған комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған болатын;

Президенттің өңірлерді одан әрі дамыту жөнінде жүктеген міндеттерін Палатаның басымдық беретін бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл ретте Сенат мәслихаттар депутаттарымен жұмысты жандандыра түскен;

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық барысын баяндады. Аталған жиын 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл