Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Иран АҚШ тарапынан әуе соққысы жасалуы ықтимал деп қауіптеніп, қарулы күштерін жоғары әскери дайындық режиміне ауыстырды. Сонымен қатар Тегеран көршілес мемлекеттерге ескерту жасап, егер олар Вашингтонға қандай да бір түрде қолдау көрсетсе, салдары ауыр болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Али Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға соққы беру мүмкіндігі жөніндегі мәлімдемесінен кейін әскери күштерге сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.
Тегеран Ирак, Кувейт, БАӘ, Катар, Түркия және Бахрейн елдеріне арнайы хабарлама жолдап, олардың аумағы немесе әуе кеңістігі америкалық әскерилер тарапынан пайдаланылған жағдайда бұл әрекетті “қастандық” ретінде қабылдайтынын және мұндай қадамның ауыр салдары болатынын ескертті.
Айта кетейік, 30 наурызда Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында егер Иранмен ядролық бағдарлама жөнінде келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ тарапынан соққы жасалуы мүмкін екенін айтқан болатын.
- Егер келісім болмаса – бомбалау басталады. Бұндай соққыны олар бұрын-соңды көрмеген, – деген еді АҚШ президенті.