Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл
Жаңалықтар

Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

25.12.2024
1 мин
0
250
Сурет: stan.kz

Бүгін қазақ поэзиясының мәңгілік шамшырағы, ұлы ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Фариза Оңғарсынова – қазақтың көрнекті ақыны, журналист, Қазақстанның Халық жазушысы.

Фариза өткен ғасырдың 70-жылдары қазақ әдебиетіне дауылды жырларымен енді. Талантты ақын, қайталанбас мінезімен және терең дүниетанымымен өлеңді биікке көтеріп, қазақтың көркем сөзін әлемге танытты. Оның жауһар жырлары мен жарқын бейнесі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Еңбек жолын ауыл мұғалімдігінен бастаған ақын 1968-1970 жылдары журналист ретінде де елеулі еңбек сіңірді. Оның табиғатпен үндес болмысы жырларынан да көрініс тапты. Алғашқы өлеңдер жинағы "Сандуғаш" 1966 жылы жарық көріп, әдебиет әлеміне ерекше құбылыс алып келді.

1984 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. "Құрмет Белгісі", Парасат ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл