Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі басталды
Жаңалықтар

Елордада Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі басталды

15.04.2025
1 мин
0
211

Бүгін Automechanika Astana 2025 ірі халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ашылу салтанатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков құттықтау сөз сөйледі.

— Бүгін Астанада 20-дан астам елден 300-ден аса компания автомобиль өнеркәсібіндегі соңғы технологияларды, шешімдер мен идеяларды ұсыну үшін жиналды, - деді О.Сапарбеков.

Вице-министр машина жасауды, оның ішінде автомобиль құрамдас өнеркәсібін және сервистік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік индустриялық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі тұрақты өсуді, инвестицияларды белсенді тартуды және ішкі құнды қалыптастыруға ең үлкен үлес қосып келеді. 2024 жылы автомобиль өндірісіне құйылған инвестиция 189,8 млрд теңгені құрады, бұл 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 20 еседен астам және 2023 жылмен салыстырғанда 475%-ға артық.

Бүгінгі таңда қазақстандық автокөлік өнеркәсібі еліміздің 6 өңірінде көлік шығаратын 8 жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан тұрады, онда 7000-нан астам адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта Алматы мен Қостанай қалаларында екі жаңа автомобиль зауытының салынуына байланысты тағы 5000 жаңа маман қажет болады.

Соңғы 10 жылда еліміздің автомобиль өнеркәсібіне ірі халықаралық серіктестер, соның ішінде General Motors (Chevrolet), KIA, Hyundai, JAC, Golden Dragon, Yutong, KAMAZ және т.б. сияқты трансұлттық компаниялар тартылды.

Automechanika Astana Еуразиялық экономикалық одақтың және басқа да аймақтардың өндірушілеріне, дистрибьюторларына, сервистік компанияларына және сарапшыларына арналған алаң. Іс-шараға 22 елден, соның ішінде Германия, Италия және Жапониядан 350-ден астам компания қатысуда.

– Осындай деңгейдегі шаралар – саланың ғана емес, ел экономикасының дамуына да қажет. Әрбір салынған қаржы мультипликативті әсер береді. Automechanika — әлемдегі ең ірі көрмелік брендтердің бірі. Қазақстанның осындай маңызды алаңға айналуы — біз үшін үлкен мәртебе – деді ұйымдастырушы BMCA Қазақстан директоры Ануар Малик.

Көрмеге "Brissoil" ЖШС, "LUKOIL Lubricants Central Asia", "RISMI group" және "Қайнар-АКБ" ТОО сияқты 54 қазақстандық компания қатысуда.

— Automechanika-ның Астанада өтуі — Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші хаб ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін мойындау. Көрме экономикаға серпін беріп, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елдің маңызды салаларына инвестициялар тартуға көмектеседі, - дейді ҚР туризм және спорт вице-минстрі Ержан Еркінбаев.

Өз кезегінде, Messe Frankfurt вице-президенті Майкл Йоханнес былай деді:

— Automechanika Astana жыл сайын автомобиль өнеркәсібі мамандары үшін жетекші халықаралық алаң ретінде өз орнын нығайтып келеді. Біз Қазақстанның — аймақтың ең динамикалық дамып келе жатқан нарығының бірі — өнеркәсіптік өсім, инновациялар және тұрақты даму саласында жаһандық тізбектің маңызды буыны болғанына мақтанамыз.

Іс-шараның негізгі бөлімдері автобөлшектер мен автокомпоненттер, электроника және коммуникация жүйелері, аксессуарлар мен баптау, диагностика және жөндеу, майлар мен автохимиялық өнімдер, автокөлік жуу және автокөлікті күту және т.б. қамтиды. 

Көрмеде семинарлар мен дөңгелек үстелдер, озық технологиялар мен шешімдер бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ автомобиль өнеркәсібіндегі негізгі трендтерді талқылау болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл