Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
15 сәуір — қазақ даласындағы ең көркем махаббат хикаясының кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні, яғни Ғашықтар күні. Бұл күн тек ғашықтардың ғана емес, адалдық пен берік сезімнің, уәдеге берік болудың, махаббат үшін күресудің белгісі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қозы мен Баян — ғасырлардан жеткен махаббаттың мәңгілік бейнесі. Олардың оқиғасы — поэзия мен эпостың, халық даналығы мен жүрек үні тоғысқан қасиетті дастан. Екі жас арасындағы махаббат ел мен елдің арасындағы келісім арқылы басталып, шынайы сезімге, кейін қасіретті тағдырға ұласқан.
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу жыры — қазақ халқының ауыз әдебиетінің інжу-маржаны. Бұл жырда тек махаббат емес, ұлттық болмыс, елдік сана, адамгершілік қасиеттер де көрініс табады. Жырдың мазмұны талай буынды тебірентіп, суреткерлерге шабыт, ақындарға өлең болған.
Қазіргі таңда бұл күн — жастар арасында шынайы махаббатты дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында аталып өтеді. Ғашықтар бір-біріне шынайы сезімін білдіріп, мәңгілік махаббатқа сенетіндерін жеткізеді.
Бұл күн Қазақстанда алғаш рет 2011 жылдан бастап тойлана бастады. Жастар арасында баламалы Ғашықтар күні ретінде 14 ақпандағы шетелдік мерекеге ұлттық жауап ретінде ұсынылды. Осы бастаманың артында жастарға ұлттық рух пен салт-дәстүр негізінде махаббат құндылықтарын жеткізу идеясы тұр.
Бәлкім, махаббат мәңгілік емес, бірақ Қозы мен Баянның хикаясы — ұлт жадында өшпестей қалған сезімнің белгісі. Бұл — сүйе білудің, күте білудің, сезімге адал болудың мәңгілік үлгісі
Қозы мен Баян – жүректегі жыр, мәңгілік махаббаттың айғағы.