Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биылғы жазда 10 мың оқушы үшін жазғы демалыс тегін ұйымдастырылады
Жаңалықтар

Биылғы жазда 10 мың оқушы үшін жазғы демалыс тегін ұйымдастырылады

08.04.2025
1 мин
0
83

Биылғы жазда 10 мың оқушы үшін жазғы демалыс тегін ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алдағы маусымда 3,1 миллионнан астам қазақстандық оқушыны сауықтыру, демалысын тиімді өткізу және маусымдық жұмысқа тартуға бағытталған әртүрлі бағдарламалар жүзеге асырылады. Бұл оқушылардың 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. “Қазақстан халқына” қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысты тегін өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жазғы демалыс бағдарламалары бірнеше бағытты қамтиды: еңбек пен шығармашылық белсенділік, туристік және танымдық сапарлар, зияткерлік әрі білім беру жобалары, сондай-ақ халықаралық форумдар мен бастамаларға қатысу.

Іс-шаралар 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары аясында жүзеге асады. Осы мақсатта республикалық және өңірлік деңгейдегі арнайы штабтар құрылып, биылғы жазда жұмыс істейтін демалыс орталықтарының тізімі бекітілді.

Сонымен қатар, министрлік балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Санитарлық нормалардың сақталуы, тағам сапасы, су айдындарындағы, ормандар мен спорт нысандарындағы қауіпсіздік шаралары мұқият бақылауға алынады.

Балалар мен ата-аналарға қауіпсіз әрі белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыру үшін арнайы жадынамалар, нұсқаулықтар мен гайдбуктар дайындалып, таратылатын болады. Ел өңірлерінде “Киелі Шығыс”, “Ұлы Дала кереметі”, Jas galym, “Гастро туризм”, “Қонақжай отбасы” сынды бірқатар ерекше жобалар жүзеге асырылады.

Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан аса мектеп жанындағы лагерь (кейбірінде тамақтандыру ұйымдастырылады), сондай-ақ 512 шатырлы және киіз үй лагерьлерін кезең-кезеңімен ашу жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл