Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазгидрометтің болжамынша, жаз құрғақ, шөпті болады, сол арқылы өрттің қаупі жоғары, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты.
Әкімдіктерге өрттің қауіпті кезеңіне дайындықтың жеткіліксіздігі туралы 700-ден астам ескерту берілді.
— Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы елдімекендердің айналасынан минералды белдеу жасау жұмыстары басталмаған. Далалы жерлерде, орманда өрт шығатын болса, бұл ауылдарға тікелей қауіп төнеді, - деді Бектенов.
Сонымен қатар ол Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында елдімекендердің аумағын қураған шөптер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмегендігін айтты.
— Одан бөлек, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының орман мекемелері өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес. Өңір әкімдеріне маусымға дайындықты күшейтуді тапсырамын, — деді Бектенов.