Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұрлан Оразбаев елордалық хоккей командасының директоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Нұрлан Оразбаев бұл қызметке 2024 жылдың күзіде тағайындалған еді. Оның басшылығы кезінде бірнеше даулы әрі көпшілікке ұнамаған шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, клуб Солтүстік Америкадан келген барлық легионерлермен келісімшартты бұзып, оларға жүздеген миллион теңге көлемінде өтемақы төледі. Сондай-ақ, ол "Барыстың" жасөспірімдер командалары Ресей чемпионатының маусымын аяқтамайтынын мәлімдеді. Алайда бұл шешім Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің араласуынан кейін жойылды.
Биыл "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.