Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанадағы “Stadler Қазақстан” зауытында жаңа үлгідегі жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылды
Жаңалықтар

Астанадағы “Stadler Қазақстан” зауытында жаңа үлгідегі жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылды

09.04.2025
1 мин
0
103
Сурет: КТЖ

Астанада орналасқан "Штадлер Қазақстан" ЖШС зауытында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға арналған жолаушылар вагондарының жүйелі өндірісі іске қосылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2030 жылға дейін жүзеге асатын жоба шеңберінде 557 бірлік техника жасау жоспарланған. Олардың қатарында купе, плацкарт, ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға арналған арнайы вагондар және генераторлы вагондарды шығару қарастырылған.

Ұлттық тасымалдаушы басшылығы өндіріс орнында болып, зауыттың жұмыс үдерісімен толық танысты. Олар дайын вагон корпустарын көріп, барлық цехтардың жұмысын бақылады.

Қазіргі таңда 400-ден астам қызметкер жұмыс істейтін зауытта толық технологиялық цикл жолға қойылған. Атап айтқанда:

• Вагон корпустарын дәнекерлеу және бояу

• Электрлік компоненттерді құрастыру

• Тележкаларды жасау және орнату

• Вагонның ішкі жабдықтарын орнату

• Қызметке шығар алдында статикалық және динамикалық сынақтар жүргізу

Соңғы екі жылда кәсіпорын ауқымды жаңартудан өтіп, заманауи өндіріс технологиялары енгізілді, сондай-ақ, жергілікті мамандар даярланып, өндірістің деңгейі айтарлықтай артты.

Stadler шығарған купелік вагондар 40 жолаушыға арналған жайлы жатын орындармен қамтамасыз етіледі. Олар заманауи климаттық бақылау жүйесімен, бейнебақылаумен, электрлік жылыту құрылғыларымен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады.

Жолаушылардың жайлылығы үшін әрбір купеде электр розеткалары мен ұялы телефондарды жол бойы қуаттауға арналған USB-порттар орнатылады.

Жаңа пойыздардың ерекшеліктерінің бірі — сыртқы келбетінің мемлекеттік тудың көк, сары және ақ түстерінде жасалуы. Бұл шешім Қазақстанның ұлттық болмысын және рәміздік мәнін айшықтай түседі.

Жаңа вагондар Қазақстанның климаттық ерекшеліктері мен елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды ескере отырып арнайы әзірленеді.

Келісімшартқа сәйкес, биылдың өзінде алғашқы 51 вагон "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға беріледі. Бұған қоса, зауыт осы вагондарға 20 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді міндетіне алып, олардың тұрақты жұмысын және ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл