Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында жол жабық екені жөніндегі ескертуді елемеген жүргізуші суға кеткен көлікте көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайғылы оқиға 5 сәуір күні “Астана-Атбасар-Жақсы-Рузевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы” тас жолының 963-шақырымында орын алған.
- Жүргізуші қозғалысқа шектеу қойылғанына қарамастан, полиция бекетін айналып өтіп, су басқан жол бөлігінен өтпек болған. Нәтижесінде көлікті су ағысы алып кеткен, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік ішінде үш адам болған. Олардың екеуін полиция мен ТЖМ қызметкерлері құтқарып үлгерді. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінген. Ал жүргізушінің мәйіті түнде табылды.
Еске сала кетейік, “ҚазАвтоЖол” 6 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Ақмола облысында “Көкшетау-Атбасар” автожолының 103-184 шақырымы (Балкашино ауылы – Атбасар қаласы) аралығында қар еріп, жолды су басуына байланысты барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелгенін хабарлаған еді.
Видеоны сілтеме арқылы көре аласыздар.