Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың сұрауына берген жауабына сәйкес, Алматыдағы биік таулы “Медеу” мұз айдынының реконструкциясы 2025 жылы басталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жұмыстар 2025-2027 жылдары жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
- Нысанды жаңғырту арена техникалық сипаттамаларын жақсартады. “Медеу” конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық жарыстарды өткізу үшін Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының талаптарына сәйкес болады. Реконструкция аясында Алматы әкімдігі мұз айдынының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту шараларын қабылдайды. Мұнда допты хоккейден жарыстар, мұздағы спидвейден әлем чемпионаттары, сондай-ақ мұз шоуы, көрсетілімдік қойылымдар секілді түрлі мәдени-спорттық бұқаралық іс-шаралар өтетін болады, – деп түсіндірді Үкімет басшысы.
Бұған дейін мегаполис басшысы 2023 жылы билік органдары мұз айдынының техникалық жағдайына аудит жүргізгенін, үлкен жүктемеге қарамастан оның қанағаттанарлық күйде екенін мәлімдеген еді.