Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қалада 120 орындық тағы бір заманауи жатақхана іске қосылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне арналған нысан жеке инвестиция есебінен салынған.
Жатақханада жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған:
• жайлы бөлме;
• кең асхана;
• оқу және демалыс аймақтары;
• жоғары жылдамдықтағы Wi-Fi бар конференц-зал.
Жатақхана өте ыңғайлы жерде орналасқан — іргеде аялдама, асхана және дүкен бар.
— Бүгін біз үшін бақытты күн, жаңа жатақханаға қоныстанып жатырмыз. Өте жайлы және ыңғайлы! — дейді студенттер.
Қазіргі уақытта Алматыда 127 жатақхана бар, онда 40 300-ден астам студент тұрады.
Тек 2024 жылдың өзінде 4304 орынға арналған 16 жаңа нысан ашылды. 2025 жыл тағы 6000 орындық жатақхана бой көтермек.
Жатақхана құрылысын Студенттік жатақханалар жобалық кеңсесі үйлестірген, ол инфрақұрылымды дамытуға және мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға көмектеседі.