Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға ресми келісімсіз несие берілмейді
Жаңалықтар

21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға ресми келісімсіз несие берілмейді

09.04.2025
1 мин
0
251
Сурет: www.nur.kz

Қаржы нарығын дамыту туралы заң аясында тұтынушылық кепілсіз онлайн несиелерді беру үшін 24 сағаттық "салқындату кезеңі" енгізіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Несие алуға алғаш рет өтініш білдірген қазақстандықтардың банктің немесе микроқаржы ұйымының филиалында міндетті түрде болу талабы белгіленеді.

Сонымен қатар 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар кепілсіз тұтынушылық несиеніенді "электронды үкімет" порталы арқылы келісім алғаннан кейін ғана ала алады (бұл ереже заңға тәуелді актілерде көрсетіледі). Әскери қызмет өткеру уақытында әскери қызметшілерге несиелер мен шағын несиелер алуға тыйым салынады.

Қаржы институттарының алаяқтық несиелер мен микроқарыздарды есептен шығару негіздері де кеңейтіледі. Ал банктер алаяқтық белгілері бар транзакцияларды анықтаған жағдайда банк шотыбойынша шығыс операцияларын тоқтатуға өкілеттік алады.

Жеке норма Ұлттық Банкке төтенше жағдай кезеңінде қаржы ұйымдарының төлем қызметтерін көрсету тәртібі мен шарттарына шектеулер енгізу құқығына қатысты. Өз кезегінде "Отбасы Банкі" АҚ мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі аясында білім беру несиелерін беру құқығына ие болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл