Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
LRT ісіне қатысты мемлекетке шамамен бір миллиард теңге тұратын нысандар мен жер телімдері қайтарылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана қаласының прокуратурасы бұл іске байланысты сот шешімдерінің орындалу барысын тексеріп, мемлекетке жалпы құны 920 миллион теңге болатын активтер қайтарылғанын анықтады.
Прокуратура таратқан деректерге сәйкес, “City Transportation Systems” ЖШС-не (бұрынғы “Astana LRT”) қатысты, жалғыз құрылтайшысы мемлекет, соның ішінде Астана әкімдігі болып табылатын сот актілерінің орындалуына талдау жүргізілген. Қадағалау шаралары нәтижесінде борышкерлер мемлекет меншігіне 40 жылжымайтын мүлік объектісін өткізді. Олардың қатарында:
Қайтарылған активтердің жалпы нарықтық құны 920 миллион теңгені құрайды. Бұған қоса, қазіргі таңда мемлекет пайдасына құны 615 миллион теңге болатын тағы 37 мүлікті өндіріп алу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.