Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғын үй кезегі: қажетті құжаттар тізімі жарияланды
Жаңалықтар

Тұрғын үй кезегі: қажетті құжаттар тізімі жарияланды

10.04.2025
1 мин
1
1132
Сурет: Елорда әкімдігі

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға арналған қажетті құжаттар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үй орталығы жыл сайын кезек тізімдерін түгендеу және тұрғын үйді кезек тәртібімен беру мәселесін қарау аясында "Халықтың әлеуметтік осал топтары" және "Көпбалалы отбасылар" санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған азаматтарға тізбеге сәйкес сұратылған құжаттарды ұсынуды сұрайды.

Өтініш беру үшін сізде болуы керек:

1) ЭЦҚ кілті;

2) өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшесіне жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама (анықтама өтінім берген сәтте күніне бір күн, ҚР электрондық үкімет порталынан алынуы тиіс – EGOV.KZ); 

3) балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы / отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (бар болса);

4) неке қию/бұзу/әке болуды анықтау туралы куәліктің сканерленген нұсқасы/№4 нысан/қайтыс болу туралы куәлік (бар болса);

5) үлесі, тұрғын жылжымайтын мүлкі, жатақханаларда бөлмелері болған кезде меншік құқығының туындағанын растайтын құжаттарды (сатып алу сату/ сыйға тарту/ айырбастау/ жекешелендіру /беру/ мұрагерлік құқығы туралы куәліктің көшірмесі және т. б.) ұсыну қажет;

6) өтініш берушінің және кезекте тұрған отбасының құрамында көрсетілген отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болса).

Құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәсілі:

Құжаттар 2025 жылғы 14–30 сәуір аралығында birge.astana.kz порталы арқылы электронды түрде қабылданады.

Ерекше шарттар:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың қамқоршылары құжаттарды Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының кеңсесіне жеке өзі келіп тапсыруы қажет.

Мекенжайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Республика даңғылы, 32 (Тұрғын үй орталығының бірінші қабаты).

Сонымен қатар елорда әкімдігі құжаттарды уақытылы тапсырмау немесе олардың болмауы кезек тізімінен шығуға әкеп соғуы мүмкін екендігін ескертті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Э
Эльмира 10.04.2025
Кезекке тұру үшін Астанада прописка болу керек пе?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл