Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 7 пайызбен ипотека алуға мүмкіндік бар ма?
Баспанаға бағыт

Қазақстанда 7 пайызбен ипотека алуға мүмкіндік бар ма?

07.04.2025
1 мин
1
707
Сурет: kn.kz

"7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыруға қосымша 25 млрд теңге бөлінді. Соған қарамастан, кейбір банктер әлі күнге дейін несие беруге асығар емес. 7 пайызбен ипотека рәсімдеуге бола ма және қай банктерден алуға болады – бұл туралы Dauletten.kz мақаласынан біле аласыз.

Биыл бағдарлама жалғасын тапты, оған бір жылға 100 млрд теңге, әр тоқсанға 25 млрд теңгеден қаржы қарастырылған. Жақында "Крыша" порталы лимиттің жаңартылғанын хабарлады.

Алайда бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтар бірқатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Себебі тек баспана бағасының белгіленген шекті сомадан асып кетуі ғана емес, сонымен қатар банктердің шектеулі қаражатқа байланысты өтініш қабылдауға құлықсыздығы да мәселе тудырып отыр. Кейбір банктер лимиттің жоқтығын алға тартса, басқалары клиенттерге қосымша талаптар қоя бастаған.

Қазіргі таңда өтініш беру процесі ұзаққа созылып барады. Кейбір банктер алдын ала өтініш беруге мүмкіндік ұсынғанымен, бұл несие алуға кепіл бола алмайды, тек болашақта бағдарламаға қатысуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бағдарламаға 7 екінші деңгейлі банк қатысуда.

Банктер өтініштерді келесідей шарттармен қабылдап жатыр:

  • Банк ЦентрКредит – сайт арқылы ЖСН, құрылыс салушының БСН-і және тұрғын үй кешенінің кадастрлық нөмірі енгізілуі керек. Өтініш мақұлданған соң, клиент бөлімшеге шақырылады. Бұл бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.
  • Freedom Bank – анкета сайтта толтырылады, ары қарай банктің қосымшасы арқылы өтініш беруді жалғастыру қажет. Қатысу үшін 1 млн теңгелік депозит болуы тиіс. Күту мерзімі кемінде үш ай.
  • Halyk Bank – тек банк бөлімшесінде өтініш қабылданады, бірақ тек лимит болған жағдайда. Өтініш мақұлданса, пәтер табуға бір апта уақыт беріледі. Уақытында пәтер табылмаса, өтініш жарамсыз деп танылады.
  • ForteBank – өтініш мақұлданғаннан кейін ғана несие рәсімделеді. Күту бірнеше айға созылуы мүмкін.
  • Altyn Bank – өтініш тек қосымша арқылы беріледі. Мақұлданған соң, биометриялық онлайн келісімшарт нотариуспен жасалады. Алайда несие тек Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтауда қолжетімді.
  • Еуразиялық банк пен Bank RBK – бұл банктерде онлайн кезек жоқ, алайда лимит болмағандықтан, өтініштер уақытша қабылданбай тұр. Қайтадан қашан қабылданатынын клиенттер жеке анықтауы тиіс.

2025 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар 7 пайыздық мөлшерлемемен барлығы 1 428 ипотека рәсімдеген.

"7-20-25" бағдарламасының негізгі талаптары:

  • Жылдық мөлшерлеме – 7%;
  • Бастапқы жарна – баспана құнының кемінде 20%-ы;
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін;
  • Тек құрылыс салушыдан дайын жаңа үй сатып алуға болады;
  • Соңғы 18 айда атыңызда тұрғын үй болмауы керек (жаңа талап);

Тұрғын үйдің шекті бағасы:

  • 25 млн теңге – Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент және олардың маңы;
  • 20 млн теңге – Қарағанды мен Түркістан;
  • 15 млн теңге – өзге өңірлер.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
С
Саяш 07.04.2025
Керемет кашан беріледі
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл