Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы ең үздік перзентхана анықталды
Жаңалықтар

Қазақстандағы ең үздік перзентхана анықталды

18.03.2025
1 мин
2
2212
Сурет: shutterstock.com

2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы №2 перинаталдық орталық еліміздегі перинаталдық орталықтар мен перзентханалар арасында бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, рейтингті “Денсаулық сақтауды реформалауды әдіснамалық қолдау” мемлекеттік тапсырмасы аясында Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулықты сақтауды дамыту орталығы жүргізген. Бағалау барысында 14 клиникалық индикатор, аккредиттелген медициналық ұйымдар туралы деректер, сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аумақтық департаменттеріне түскен шағымдар саны ескерілді.

Мұндай кешенді талдау медициналық көмектің үздік тәжірибелерін анықтауға мүмкіндік беріп, денсаулық сақтау саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдауға маңызды бағдар болады. №2 қалалық перинаталдық орталықтың жетістіктері босандыру және перинаталдық медицина саласында көрсетілетін көмектің жоғары деңгейін айғақтайды. Орталық рейтингте көш бастап қана қоймай, пациенттерді қабылдау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлгі ретінде танылды.

Жыл сайын бұл мекемеге 10 мыңға жуық пациент жүгінеді. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында триаж жүйесі енгізілген. 2023 жылы орталықта 5 мыңнан астам әйел босанып, 1000-нан аса операция жасалды. Жүздеген нәресте, соның ішінде мерзімінен бұрын туған сәбилер де үйлеріне шығарылды.

Орталықта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ана болу қауіпсіздігі қағидаттары табысты жүзеге асырылып, жүктілік пен босануды басқарудың жаңа технологиялары қолданылуда. Бұл ана мен бала денсаулығын жақсартуға, жаңа туған нәрестелердің аурушаңдығы мен өлім-жітімін азайтуға септігін тигізді. Осы жетістіктері үшін орталық “Ана мен балаға достық қарым-қатынас” атағына ие болды.

1937 жылы ашылған №2 қалалық перинаталдық орталық 80 жылдан астам уақыт бойы жүкті әйелдерге, босанатын және босанған аналарға, нәрестелер мен гинекологиялық науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді. 2022 жылы мекеме перинаталдық көмекті өңірлендірудің екінші деңгейінен үшінші деңгейіне ауыстырылып, қызмет көрсету аясын кеңейтті.

Қазіргі таңда орталықта 10 бөлімше жұмыс істейді. Олардың қатарында қабылдау бөлмесі, перзентхана, реанимация, босанғаннан кейінгі күтім бөлімдері, жаңа туған нәрестелерге арналған мамандандырылған бөлімшелер, патология бөлімі, орталық зарарсыздандыру бөлімі мен зертханасы бар операциялық блок бар.

Рейтинг көшбасшысы атанған орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алматы қаласының әкімдігі №2 қалалық перинаталдық орталыққа жаңа ғимарат салу жоспарын қолға алды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Ж
Жаннур 19.03.2025
по удалению матки кызылорда 1 ші орында тұрған шығар, өтірік босанатын әйелдерді алдап, оперцияға алып кетеді, ито жасай алмайды операция.
Жауап беру
Г
Гүлмира 19.03.2025
2019да сол Жерде босанғанмын. Керемет ешнәрсесін көрмедім. Керсінше 2016ж 1де босанған жерім жақсы қарады. Биыл 2ге босануға барамын Алла қаласа.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл