Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың IV тоқсанындағы жалдамалы қызметкерлердің орташа жалақысы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ең жоғары жалақы қай салада?
Еңбекақы деңгейі бойынша көш бастап тұрған – қаржы және сақтандыру қызметі. Бұл сала қызметкерлерінің орташа жалақысы 890 573 теңгені құраған. Одан кейін тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласы орналасқан – 856 521 теңге.
Сондай-ақ жоғары жалақы келесі салаларда тіркелді:
Ең төмен жалақы қай салада?
Жалақысы ең төмен салалар қатарында:
• Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 270 082 теңге
• Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және өңдеу – 274 994 теңге
• Өнер, ойын-сауық және демалыс саласы – 291 282 теңге
Өңірлер бойынша жалақы деңгейі
Ең жоғары орташа жалақы келесі өңірлерде тіркелген:
• Атырау облысы – 593 653 теңге
• Ұлытау облысы – 582 943 теңге
• Маңғыстау облысы – 564 014 теңге
• Астана қаласы – 548 579 теңге
• Алматы қаласы – 533 365 теңге
Ал басқа өңірлерде жалақы бұл көрсеткіштерден төмен болған.
Тағы көру