Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жеңілдетілген салық режимін қандай кәсіпкерлер қолдана алмайды
Жаңалықтар

Жеңілдетілген салық режимін қандай кәсіпкерлер қолдана алмайды

31.03.2025
1 мин
0
450
Сурет: ашық дереккөзден

2025 жылы жеңілдетілген салық режимін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер кез келген қызмет түрімен айналыса алады. Алайда салық кодексінде тікелей тыйым салынған салаларға қатысу құқығы жоқ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жеңілдетілген салық мөлшерлемесі – 3%. Бұл жүйеде толық бухгалтерлік есеп жүргізу талап етілмейді, тек салықтық тіркеулерді рәсімдеу жеткілікті.

Digitalbusiness басылымының мәліметінше, бұл режимді қолдану үшін белгілі бір талаптарды сақтау қажет. Салық кодексінің 683-бабында жеке кәсіпкерлердің табысына, қызметкерлер санына және агенттік келісімшарттарға қатысты шектеулер қарастырылған.

Тыйым салынған қызмет түрлері

Жеңілдетілген салық режимі кейбір қызмет салаларына қолданылмайды. Бұл шектеулер салық кодексінің 683-бабының 3-тармағында көрсетілген және келесі бағыттарды қамтиды:

  • Акцизделетін тауарларды өндіру және сату;
  • Акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме сату;
  • Бензин, дизель отыны мен мазут сияқты мұнай өнімдерін сату;
  • Лотерея ұйымдастыру;
  • Жер қойнауын пайдалану (барлау лицензиясы бар қызметтерден басқа);
  • Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, өңдеу және сату;
  • Консалтинг және маркетинг қызметтері;
  • Бухгалтерлік есеп және аудит;
  • Қаржылық және сақтандыру салалары, сондай-ақ сақтандыру агенттері мен брокерлердің қызметі;
  • Құқықтық және сот саласындағы қызметтер;
  • Цифрлық майнинг (егер лицензиясы болса);
  • Сауда базарларын жалға беру және пайдалану, сондай-ақ базар аумағындағы сауда және қоғамдық тамақтану орындарын субарендаға тапсыру;
  • Бір қонақүйде екі немесе одан көп кәсіпкердің қонақүй қызметін көрсетуі;
  • Қаржылық лизинг.

Қарапайым тілмен айтқанда, жеке кәсіпкерлер жеңілдетілген салық режимін пайдалана отырып, көптеген салада жұмыс істей алады. Бірақ жоғарыда көрсетілген қызмет түрлеріне қатысты шектеулерді ескеру қажет.

Бұған дейін Қазақстанда бизнестен "рейтинг салығын" алу мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланған еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл