Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол NBC телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Трамптың айтуынша, егер Ресей атысты тоқтату жөніндегі келісімге келмесе, АҚШ оның мұнай өнімдеріне қарсы санкциялар енгізуге дайын.
- Егер біз Украинадағы соғысты тоқтату туралы келісімге келе алмай, оның бұзылуына Ресей жауапты екеніне көзім жетсе… — Ресейден импортталатын барлық мұнайға жанама баж салығын енгіземін, — деді ол.
Сонымен қатар, Дональд Трамп алдағы уақытта Владимир Путинмен тағы да сөйлесуі мүмкін. Бұған дейін олардың телефон арқылы байланысқаны хабарланған.