Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мамыр айынан бастап қазақстандық жолаушылар кешіктірілген рейстер үшін өтемақы алуға мүмкіндік алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейстердің кешігуіне байланысты ерікті сақтандыру жүйесі әзірленіп жатыр.
- Пилоттық жоба мамырда іске қосылады деп күтілуде. Бұл жолаушыларға әуе билетін сатып алу кезінде өз еркімен сақтандыру қызметін таңдауға жағдай жасайды, – делінген комитет хабарламасында.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ақпан айында осындай цифрлық сақтандыру қызметін енгізу жоспарланғанын айтқан болатын.
Үкімет отырысында ол бұл қызмет әуе билеттерін сатып алу кезінде автоматты түрде біріктірілетінін және жолаушыларға рейс кешіккен жағдайда бірден өтемақы алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар тек әуекомпанияның кінәсі дәлелденген жағдайда және рейс екі сағаттан астам кешіксе ғана өтемақы ала алады. Ол үшін жолаушылар әуекомпанияның өкіліне жүгініп, шешімді күтуге мәжбүр.
2024 жылы Қазақстанда орындалуы тиіс болған 50 799 рейстің 12 941-і кешіктірілген. Бұл – барлық рейстердің шамамен төрттен бірі. Сол кешігулердің 68 пайызы әуекомпаниялардың кінәсінен болған.