Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Magnum-ға байкот: қазақша сөйлеуді талап еткен курьер жұмыстан шеттетілді
Жаңалықтар

Magnum-ға байкот: қазақша сөйлеуді талап еткен курьер жұмыстан шеттетілді

07.04.2025
1 мин
1
980
Сурет: magnum cash&carry

Magnum желісінің курьері жұмыстан шығарылғаны жөніндегі ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қоғамда дау курьердің тапсырыс берушіден қазақ тілінде сөйлеуді талап еткенінен басталды. Кейін компания өкілдері оның жұмыстан шеттетілгенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Magnum-нан азық-түлікке тапсырыс бергенін айтып, курьердің одан қазақ тілінде сөйлеуді сұрағанын жазған.

- Бүгін Magnum-нан азық-түлікке онлайн тапсырыс бердім. Бәрі әдеттегідей өтті: тауар таңдадым, төлем жасадым, жеткізуді күттім. Курьер келіп, сәлемдесіп, алғысымды айттым. Ол “Атың кім?” деп сұрады. “Асылхан” дедім. Тапсырысты нақтылап жатыр деп ойладым. Артынша: “Қазақша сөйле!” деді. Яғни, менің үйімде маған қай тілде сөйлеу керегін айтып тұр. Бұл дұрыс па? Таңғалдым. Бұл бірінші рет болып отыр ма, әлде басқа да адамдар мұндай жағдайға тап болды ма деп ойладым. Сіз не істер едіңіз? – деп жазды қолданушы.

Осыдан кейін компанияның клиенттерді қолдау қызметі байланысқа шығып, тапсырысты жеткізген курьердің жұмыстан босатылғанын және енді қайта жұмысқа алынбайтынын хабарлаған.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырып, көптеген қолданушы Magnum дүкендер желісіне бойкот жариялайтынын жазып жатыр. Ал компания өкілдері курьердің жұмыстан босатылу себебі – тілге қатысты емес, бірнеше мәрте клиенттерге дөрекілік танытқаны деп түсіндірді.

- Қазір әлеуметтік желіде курьер тіл мәселесіне бола жұмыстан шығарылды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Нақты себеп – оның клиенттермен бірнеше рет дөрекі сөйлесіп, қызмет көрсету стандарттарын бұзуы. Біз оған түзелуге мүмкіндік бердік: ескерту жасадық, сынақ мерзіміне ауыстырдық. Алайда ол мінезін өзгертпей, қайта-қайта келеңсіз жағдайларға себеп болды. Келіп түскен шағымдардан кейін еңбек шартын бұзуға мәжбүр болдық, – деп жазды компания.

Magnum сондай-ақ мемлекеттік тіл мәселесінің осылай қабылданғанына өкініш білдіріп, қызмет көрсету мәдениетінің компания үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай курьерді өз компаниясына жұмысқа алуға дайын екенін білдірді:

- Қазақстанда қазақ тілінде сөйлеген адам жұмыссыз қалмауы керек! Қазақ тілі – тек қазақтың емес, мемлекеттік тіл! Мемлекеттік тілде сөйлегені үшін жұмыстан шығару – қылмыс. Magnum басшылығы қоғам алдында жауап беруі тиіс! – деп жазды ол.

Көптеген желі қолданушысы да курьерді қолдап, Magnum желісіне қарсы пікір білдіруде:

- Енді Магнумға барғанда менімен орысша сөйлеген сатушы немесе күзетшіні жазып, шара қолдануды талап етемін. Өйткені олар менімен қазақ тілінде сөйлесуден бас тартты”, – деп жазды бірі. Тағы бірі: “Magnum, сабағыңды ал. Қазақстандасың – мемлекеттік тілді құрметте. Халықпен бейбіт өмір сүруді үйрен, – деп пікір қалдырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Қ
Қымбат 07.04.2025
Қазақша сөйлеу міндеттелсін. Сатушылар, кеңесшілер, басқарушылардың бәрі
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл