Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дженнифер Лопес жазда Астанаға концерт беруге келеді
Жаңалықтар

Дженнифер Лопес жазда Астанаға концерт беруге келеді

08.04.2025
1 мин
0
352
Сурет: lady.mail.ru

Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопестің ресми кеңсесі оның осы жазғы гастрольдік кестесін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әнші 1 тамыз күні Астанада өнер көрсетеді. Қазақстан астанасына ол Абу-Дабиден келеді. Бұл концерт Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік турнесі аясында өтеді. Шоу "Астана Арена" спорт кешенінде ұйымдастырылады.

— Бұл жазда менің бірнеше ерекше концертім болады. Сіздермен кездесуді асыға күтіп жүрмін. Біз тым ұзақ көріспедік. Бұл жаз керемет болады, - деп жазды Лопес Instagram парақшасында.

Америкалық поп-жұлдыздың әлемдік турне кестесінде Астана да бар. Жалпы, ол 17 қалада өнер көрсетпек. Әр концерт бір-екі күн аралығында өтеді.

Гастрольдің алғашқы концерттері курортты қалаларда – Стамбул, Анталья және Шарм-эль-Шейхте басталады. Сонымен қатар, әнші Еуропаның бірнеше ірі қаласына – Кадис, Малага, Мадрид, Барселона, Варшава, Будапешт және Бухарестке барады.

Орталық Азия елдерінен Лопес тек Астанаға келеді. Қазақстан астанасындағы концерттен кейін ол турнесін Армения астанасы Ереванда аяқтайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл