Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке төлемдер жасау кезінде енгізілген жаңа талаптар жөнінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қазақстанда Ұлттық банк ISO 20022 халықаралық стандартына сай төлем хабарламаларының жаңа форматын енгізді. Бұл кезеңде елдің төлем жүйелері, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелері және төлем нарығының өзге де қатысушылары бейімделу процесінен өтеді. Осыған байланысты Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (Ұлттық банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы №208 қаулысымен бекітілген) өзгерістер енгізіліп, бюджетке төлем жасау үшін жаңартылған төлем тапсырмасы нысаны бекітілді, – делінген хабарламада.
Негізгі жаңалық – төлем тапсырмасында жаңа “Нақты төлеуші” бағанының енгізілуі.
Комитет өкілдері салықтар мен төлемдердің дұрыс есепке алынуы үшін осы бағанды дұрыс толтыру маңызды екенін атап өтті:
- “Нақты төлеуші” туралы деректердің қате немесе толық көрсетілмеуі қаражаттың дұрыс есепке алынбауына, сәйкесінше берешектің туындауына себеп болуы мүмкін. Ұлттық банктің талаптарын төлем тапсырмасын толтырғанда қатаң сақтау қажет. Түсініксіз жайттар туындаған жағдайда, екінші деңгейлі банктерге жүгіну ұсынылады, – деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитеті.
Комитет барлық салық төлеушілерді төлем құжаттарын рәсімдеу кезінде мұқият әрі жауапкершілікпен қарауға шақырады.