Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжілістің жалпы отырысында «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша қорытынды жарияланды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Айдос Сарым мәлімдеді.
«2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (бұдан әрі – Хаттама) 2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбеде жасалды.
Хаттамада 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 1-бабын «үйлестіруші мемлекет» деген жаңа ұғымның анықтамасымен толықтыру және Келісімнің 8-бабын жаңа редакцияда жазу ұсынылады.
Хаттамада Келісімге БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерін қолдану тәртібін белгілейтін өзгерістер көзделеді.
Осылайша, БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияларында қолдану үшін ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштері үйлестіруші мемлекеттің қамқорлығымен құрылатын болады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық бітімгершілік күштерінің БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясына қатысу шарттары үйлестіруші мемлекет БҰҰ-ның уәкілетті бөлімшесімен жасасатын келісімде айқындалатын болады. БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларында қолдануға арналған ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштеріне бітімгершілік контингенттерді енгізуге байланысты жекелеген мәселелер үйлестіруші мемлекет пен басқа мүше мемлекеттер арасындағы екі және көпжақты келісімдермен реттелетін болады.
Әрбір мүше мемлекет өзінің қатысуы туралы ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесін хабардар ете отырып, БҰҰ мандаты бойынша бітімгершілік операцияларға қатысу үшін БҰҰ бітімгершілік әлеуетінің әзірлігін қамтамасыз ету жүйесінде тіркелген өзінің бітімгершілік контингенттерін жіберуге құқылы.
Мәжіліс Комитеттері осы Хаттаманы оң бағалайды және оны ратификациялауды ұсынады.
Осы айтылғандарды ескере отырып, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Парламент Мәжілісінің қабылдауы туралы ұсыныс енгізеді», - деді ол.
Фото: shymkent.sud.kz