Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Астанадағы "Disneyland" құрылысына қатысты жоспарлар жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еркінбаевтың айтуынша, нақты "Disneyland" емес, бірақ елордада ауқымды туристік кешен салынуда.
- Аталған жоба бойынша ілгерілеу бар. Бұл Disneyland деп нақты айта алмаймыз, бірақ қазірдің өзінде іске асырылып жатқан жобалар ішінде Астанада туристік кешен қарастырылған. Бұл — құрамында үлкен ойын-сауық паркі бар, қазір жоба жүзеге асырылу барысында. Иә, мұндай жоспар бар. Бірақ бұл Disneyland емес, - деді Ержан Еркінбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Жаңа парк "Барыс Арена" спорт кешенінің артында орналасатын болады. Оның ашылуы 2027 жылға жоспарланған.
– Бұл жобаға сенім білдіріп, іске кіріскен – шетелдік инвестор. Бұл – өте ауқымды кешен: тек ойын-сауық орталығы емес, сонымен қатар ірі сауда орталығы мен халықаралық деңгейдегі қонақүй де болады. Бұл жоба елордамыздың туристік әлеуетін арттыратын маңызды нысан болмақ, – деп толықтырды вице-министр.
Айта кетейік, елордада Disneyland салынатыны былтыр айтылған еді.