Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Семей қаласында ет комбинаты салынады
Жаңалықтар

Семей қаласында ет комбинаты салынады

04.04.2025
1 мин
0
126
Сурет: Абай облысының әкімдігі

Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласында ет комбинатын салуды жоспарлап отырған инвесторлармен кездесті. "Eurasia Agro Semey" ЖШС құрылтайшылары аймақ басшысына жобаларын таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Австралияның заманауи технологиясымен жабдықталатын ет комбинаты жобасының құны 8,4 млрд теңгені құрайды. Жоба іске асқанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. 

Комбинаттың қуаттылығы ауысымына 200 бас ірі қара мал және 1400 бас ұсақ мал союға мүмкіндік береді. Жылына 12600 тонна дайын өнім өндіріліп, шет мемлекеттерге экспортталады. Жоба аясында 50 мың қой, 200 бас жылқы және 200 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын құру көзделуде. 

Аймақ басшысы мұндай ауқымды инвестициялық жобаның өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Абай облысында ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден жақсы дамыған. Аймақтың аграрлық әлеуеті зор. Өңірде мал өсірумен айналысатын көптеген шаруа қожалықтары бар. Олар қазіргі таңда өсірген малдарын өткізе алмай қиындық көріп жүр. Семейде ірі ет комбинаты салынса облыстың мал шаруашылығы саласына серпін берері анық. Әкімдік тарапынан тиісті, барлық қажетті қолдауды көрсетеміз. Сондай-ақ, кәсіпорынды малмен қамтамасыз ету үшін аудандарда мал бордақылау алаңдарының санын көбейтеміз. Бұл өз кезегінде шаруаларға да, ет комбинатына да тиімді болады, - деді облыс әкімі.

"Eurasia Agro Semey" ЖШС құрылтайшылары ағайынды Сайлау, Ерлан Мұқашевтар кездесуде құрылысты бастауға дайын екендерін жеткізді. Аймақ басшысы мамыр айында кәсіпорынның іргетасын қалау шарасын өткізуге уағдаласты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл