Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Волонтерлік желі “Біргеміз” қоғамды жақсартуға және әртүрлі әлеуметтік топтарды қолдауға бағытталған 8 негізгі бағытты қамтиды. Бұл бағыттар волонтерлік қызметті жүйелеп, оның тиімділігін арттырады. Бұл туралы Dauletten.kz хабарлайды.
“Біргеміз” волонтерлік желісінің 8 саласы:
1. Birgemiz: Bilim
2. Birgemiz: Saýlyq
3. Birgemiz: Úmit
4. Birgemiz: Qamqor
5. Birgemiz: Sabaqtastyq
6. Birgemiz: Taza Álem
7. Birgemiz: Asyl mura
8. Birgemiz: Ayala
Бұл бағыттар әр азаматтың волонтерлік қызметке қатысуына мүмкіндік береді және Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді.
Birgemiz: Ayala – жануарларға жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған жоба.
Birgemiz: Ayala жобасының нәтижелері:
- "Birgemiz: Ayala" жобасын ұйымдастырушы ретінде, мен осы жобаның қол жеткізген жетістіктеріне ерекше қуаныштымын. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бағытында 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан жобамыздың нәтижелері көз қуантарлық. Біздің жобаға қосылғанволонтерлердің әрқайсысы волонтерлік саланың дамуына және қоғамда жануарларға деген жауапкершілік сезімін арттыруға үлкен үлес қосуда. Бұл – тек басы ғана, алда әлі де көп жұмыс бар. "Green Help" ҚБ атынан барлық қатысушыларға, серіктестерімізге және қолдау білдірген барлық адамдарға алғыс айтамын. Біз бірге үлкен жетістіктерге жете аламыз және жануарларға қамқорлық көрсету мәдениетін одан әрі дамытуға атсалысамыз деп сенемін, – деп пікір білдірді "Birgemiz: Ayala" жалпыұлттық жобасының менеджері Нұрасыл Бекматов.