Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жүргізуші куәлігін енді eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде ауыстыруға болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл қызмет құжаттың мерзімі аяқталғанда, жоғалғанда, ұрланған жағдайда немесе төлқұжат деректері өзгерген кезде қолжетімді. Қызмет іске қосылғалы бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланған.
Мұндағы басты ерекшелік — бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті қолдану мүмкіндігі. Бірақ негізгі шарт — фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.
Қызметті пайдалану үшін:
Өтінім мақұлданған соң жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан алу үшін жеке куәлік пен қолданыстағы жүргізуші куәлігін ұсыну қажет. Жаңа құжат берілгенге дейін алдыңғы куәлік жарамды болып қала береді (егер мерзімі аяқталмаса).